Adv pic
$477.57 €503.22 ₽4.92
×

«Самұрық-Қазына» қызметкерлері трансформация бағдарламасы аясында тренинг өткізді

AstanaTV
18.12.2014ж. 20:00
1511
«Самұрық-Қазына» қызметкерлері трансформация бағдарламасы аясында тренинг өткізді

«Кешіксең - физикалық жаттығу жаса немесе 10 мың теңге айыппұл төле». Жазалаудың мұндай түрін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арнайы семинар-кеңес барысында ойластырды. Ал өндірілген қаражат қайырымдылық мақсатқа жұмсалады.

Компания қызметкерлері трансформация бағдарламасы аясында тренинг өткізді. Еркін жағдайда әңгіме құрып, қордаланған сұрақтардың басын ашты. Айтуларынша, қор жұмысын жетілдіріп, алға қойған мақсатқа осылайша қиналмай жетуге болады. Болашақ әкімшілер тек басқару жұмыстарының қыр-сырын игеріп қана қоймай, өз-өздерін тәртіпке баулиды. Тренинг барысында тіпті гаджет қолданып, телефонмен сөйлесуге де рұқсат етілмейді. 

Адамас Илькявичус, «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ  АҚ бизнесті трансформациялау бойынша бас директоры:

Дискуссия ережелерін сақтау өте маңызды. Арнайы механизмдері де ұсынылған болатын. Ер азаматтар физикалық күш жұмсаулары  керек. Сондықтан адамдар әңгіме барысында өздерінің тәртібін саралайтындай мүмкіндік алды. Біздің қорымызда тек есейген, ақыл тоқтатқан адамдар жұмыс істейді, сондықтан нәтиже болары анық.

Дархан Қалетаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры:

Ең бастысы, басшылықта жүрген азаматтар, қордың басшылығында жүрген, ұлттық компаниялардың басшылығында жүргендердің бірігіп, бір қолдың саусағындай бірігіп, осы жұмысты ары қарай жылжытуға мүмкіндік беріп отыр.

Топ-менеджерлер мен мемлекеттік органдардағы басқарушыларға арналған үш күндік семинар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының трансформация жобасы аясында өткізілді. Семинарда доктор Ицхак Адизес әзірлеген трансформация әдістемесі кеңінен айтылды. Бұл әдіс әлемнің 70-тен астам елінде 40 жылдан бері табысты қолданылып келеді.

Юрий Данилевский, Қазақстандағы Адизес институтының директоры: 

Семинардың мақсаты - «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының трансформация жобасын жүзеге асыратын  іс-әрекет жоспарын құру. Бұған  ұжымның жалпы идеологиясын, әрбір қызметкердің танымын өзгерту арқылы жетуге болады.

Еске салайық, 6 қазанда Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының трансформация бағдарламасын ресми түрде бастап берген болатын. Енді қор жұмысын түбегейлі өзгерту жайлы жоспар бар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА