$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Тимур Құлыбаев: Қазақстанның көлік-логистика саласына жеке бизнесті тарту керек

AstanaTV
26.11.2014ж. 20:00
1049
Тимур Құлыбаев: Қазақстанның көлік-логистика саласына жеке бизнесті тарту керек

Қазақстанның көлік-логистика саласына жеке бизнесті тарту керек. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев осындай ұсыныс тастады. Көлік, логистика және байланыс комитеті, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында ол, комитет жұмысы Елбасының алға қойған мақсаттарымен тұспа-тұс келетіндігін, айтты.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында Орталық Азиядағы ең ірі іскерлік хаб құру қажет деді. Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты 200 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін жол құрылысын негізге алса, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көлік-логистика саласына жеке бизнесті тартуды мақсат етеді», - деді Құлыбаев. Сондай-ақ, ол қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы:

«Біздің негізгі мақсатымыз - мемлекеттің әлеуетін қолдана отырып, идустриализация картасына «мемлекет пен жеке сектор» серіктестігі принциптерін енгізу. Бұл өз кезегінде  еліміздегі көлік-логистика саласының дамуына жаңа серпін береді. Қазақстан арқылы өтетін тарнзиттік хабтың дамуы шетел инвесторларының қызығушылығын арттыратыны белгілі.  Сондықтан отандық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау заң негізінде бекітілуі керек. Бір жағынан Дүниежүзілік сауда ұйымы және Еуразиялық экономикалық одақ алдында міндеттерімізді ескеретін, екінші жағынан Қазақстан индустриясын әртараптандыратын жүйе құру керек».

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА