Алматыда
тағы жер сілкінді. Жер асты дүмпуі кеше сағат 23:57-де тіркелді. Эпицентр
ошағы Алматы орталығынан оңтүстікке қарай небары 13 шақырым жерде орналасқан.
Аталмыш ақпарат Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық
тәжірибе-әдістемелік экспедициясының ресми сайтында жарияланды. Жер асты
дүмпуінің қуаты 4,2 баллдық көрсеткіште тіркелген. Ал Алматы
тұрғындары жер сілкінісін 2 баллдық күшпен сезді. Жер асты тербелістері әсіресе
қаланың жоғарғы бөлігінде қатты сезілді.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ