$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Сауд Арабиясы мұнай министрі мұнай өндірісінің көлемін төмендетпеу керектігін айтты

AstanaTV
27.11.2014ж. 10:00
1052
Сауд Арабиясы мұнай министрі мұнай өндірісінің көлемін төмендетпеу керектігін айтты

Сауд Арабиясы АҚШ және өзге де мұнай өндіруші алпауыт елдерге мұнай өндірісінің көлемін төмендетпеу керек. «Осылай деп Сауд Арабиясы мұнай министрі Әли ибн Ибрагим ән-Нуайми Венада айтты», - деп хабарлайды «Bloomberg» агенттігі. Оның айтуынша, мұнай бағасы өзі тұрақталады. «Неге Сауд Арабиясы өнімінің көлемін азайтуы керек? АҚШ-та ірі өндіруші бола тұра, мұнай ауқымын азайтуға міндетті емес», - деген министр.

Айта кетерлігі, бүгін Австрияда мұнай экспорттаушы елдер ұйымының саммиті өтеді. Осы жиынды қара алтынды экспорттаушы мемлекеттер тағатсыздана күтіп отыр. Өйткені үш айдан бері төменге құлдырап бара жатқан мұнай бағасының тағдыры дәл осы жиында шешіледі. Дегенмен ұйымның ішінде ортақ пікір жоқ. Бірқатар елдер, оның ішінде Венесуэла, мұнай құны жоғары болу керек деп санайды. Ал Кувейт пен Әмірліктер бұған қарсы. Сауд Арабиясы болса, әлі өзінің нақты ұстанымын білдірген жоқ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ