$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Ислам мемлекеті» ұйымы тұтқындарын сату арқылы 45 млн долларға дейін пайда тапқан

AstanaTV
27.11.2014ж. 10:00
1058
«Ислам мемлекеті» ұйымы тұтқындарын сату арқылы 45 млн долларға дейін пайда тапқан

Ирак пен Сирияның басым бөлігін бақылауында ұстап тұрған «Ислам мемлекеті» ұйымы тұтқындарын сату арқылы 45 млн долларға дейін пайда тапқан. «Мұндай ақпаратты Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірді», - деп жазады «The New York Times». Бұл тек бір жылғы табыс. 


Ал 2004 - 2012 жылдар аралығында террористік ұйымға түрлі мемлекеттер өз азаматтарын босатып алу үшін жалпы саны 120 млн доллар төлеген. Сарапшылардың пікірінше, соңғы жылдары «Әл-Каида» ұйымы да табыс көзі үшін адамдарды  ұрлап, қайта сатуға белсенді кіріскен. Ал өткен аптада лаңкестер АҚШ азаматтарын өлім жазасына кескеннен кейін, Барак Обама американдықтар тұтқынға түскен кезде қарсы әрекет ету механизмдерін қайта қарауды тапсырды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ