$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Сергей Лавров: «Мистраль» бойынша сот ұзаққа созылмайды

AstanaTV
27.11.2014ж. 13:00
1387
Сергей Лавров: «Мистраль» бойынша сот ұзаққа созылмайды

Егер де Париж Мәскеуге «Мистраль» атты тік ұшақ таситын екі кемені бермесе, онда Франция Ресейге 3 млрд доллар төлеуге мәжбүр болады. Бұл жайында «Le Parisien» атты француз газеті хабарлайды. Келісімшарттың алғашқы бөліміне сәйкес, француздар екінші тарапқа «Владивосток» кемесін қарашаның он төртінде беру тиіс еді. Алайда техника иесі дәл соңғы кезде айнып қалды. Франсуа Олланд: «Аталған келісімшарттың негізгі талабы Украина Шығысындағы қарулы қақтығыстардың аяқталуы болып саналады», - деп, осыған дейін сан мәрте айтқан болатын.

Бұған жауап ретінде Ресейдің қорғаныс министрлігі «сіздерді сотқа береміз» деп ескертті. Көрші елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзіне сілтеме жасаған «РИА Новостидің» хабарлауынша, Ресей жағы ортақ келісімшарттың талаптарына сеніп отыр. Айта кету керек, екінші «Мистраль» - «Севастополь» кемесі қарашаның жиырмасы күні Францияның Сен-Назере өңірінде мұхитқа жіберілген болатын.

Абзал ҚҰРМАНКИН