$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Елордадағы білім мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытылу барысына тексеріс өткізілуде

AstanaTV
27.11.2014ж. 20:00
1225
Елордадағы білім мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытылу барысына тексеріс өткізілуде

Алматыдағы сән және дизайн колледжіндегі қайғылы оқиғадан кейін Астана әкімі құқық қорғау органдарына жаппай тексеріс жүргізуге тапсырма берді. Шенді қызметкерлерден құралған комиссия осы күндері Елордадағы мектеп пен орта арнайы білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытылу барысына тексеріс өткізуде. Комиссия қатарында ішкі істер департаменті мен білім беру, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бар. Тексеріс барысында оқу орындарындағы барлық әскери қару-жарақтардың үлгілері мен білім жүйесіндегі қауіпсіздік шаралары тексерілді.

На данный момент, скажите, чем отличается от боевой гранаты именно учебная граната?

Ну, если взять РГД-5, она по краске такая же, как и учебная граната, но и легкая, учебно-боевые они потяжелее. Но здесь она, видите, сделано из пластика и в облегченной форме.


Комиссия мүшелерінің айтуынша, білім мекемелеріндегі әскери құрал-жабдықтар міндетті түрде темір есікпен бекітілген бөлмеде сақталуы тиіс. Және әскери ұрыстарда ол қарулар жарамсыз болуы керек. Себебі бұл қауіпсіздік шараларының негізгі кепілі. Айта кетейік, 19 қарашадан басталған тексеріс жұмыстары 27 қарашаға дейін жалғасады. Ал 28 қарашада қаладағы білім беру мекемелері бойынша қорытынды жасалады. Ескере кететін жайт, тексеріс шеңберінде тек қару-жарақ қана емес, сонымен қатар алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары да қадағаланады.

Сергей Шарыпов, Астана қалалық білім басқармасы АӘД пәнінің әдіскері:

Тексеріс жұмыстарын өткізу кезінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейін де тексереміз, яғни олар әскерде болған ба? Педагогикалық білімі бар ма? Полиция, психологиялық жүйке диспансеріндегі тізімде бар ма, жоқ па деген сынды мәселелер тексеріледі. Мұның барлығы Алматыдағы жағдайды қайталамау үшін жасалып жатқан шаралар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА