$485.11 €523.82 ₽5.02
×

2020 жылға қарай Қазақстанда тұран жолбарыстары популяциясы жанданады

AstanaTV
27.11.2014ж. 20:00
2987
2020 жылға қарай Қазақстанда тұран жолбарыстары популяциясы жанданады

2020 жылға қарай Қазақстанда тұран жолбарыстары популяциясы жанданады. Жобаны Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы іске асырмақ. Ғалымдардың айтуынша, хайуандар бұрын мекен еткен Балқаштың оңтүстігі және Іле өзенінің сағасы аймағында жерсіндірілмек. Себебі бұл табиғи орта жан-жануарлар фаунасына бай. Жолбарыстардың тұрақты популяциясын қалыптастыру үшін, олардың санын 100-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Хайуандардың мекендеуіне кем дегенде 500 мың гектар жер қарастырылмақ. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ең соңғы тұран жолбарысы 1947 жылы жойылған.

Сергей Скляренко, «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» ФК «Биотүрлiлiк» тақырыптық кеңесiнiң вице-президентi:

Жолбарыстардың популяциясын жандандыру жобасы бірқатар міндеттерді талап етеді. Ең алдымен елімізде жолбарыс популяциясын жандандыру бағдарламасын бекітуіміз керек. Кейіннен жануарлар мекендейтін жердің экожүйесін қалыпқа келтіруіміз қажет. Бұл жоба ұзақ мерзімді. Тұран жолбарыстарының қазақ жеріне оралуы кем дегенде 20 жылды қажет етеді. Ресей тарапы бұл бастаманы қолдап, Амур жолбарыстарын Қазақстанға жолдауға көмектесуге әзір.

Елімізде жойылып кеткен Пржевальский жылқысы санын қайта көбейту ісі де жанданбақ. Ұлттық географиялық қоғам өкілдері қамбар ата түлігін 2016 жылдың көктемінде Нюрнбергтен әкелуді жоспарлап отыр. «Пржевальский жылқысын ең алдымен Қазақстанның қорғалатын жануарлар тiзiмiне енгiзбекпіз. Содан кейін Германиядағы әріптестер жылқыларды әкелуге дайындықты бастайды», - деді Сергей Скляренко.

Сергей Скляренко, «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» ФК «Биотүрлiлiк» тақырыптық кеңесiнiң вице-президентi:

Жобаға моңғолиялық әрiптестерiмiз де көмекке келмек. Олардың тәжiрибесi мол. Бұл жоба сәттi болады деген сенiмдемiз. Ауыл шаруашылығы министрлiгi де қолдау бiлдiруде.

Жұрағат БАМАН