$485.11 €523.82 ₽5.02
×

ОПЕК тәулігіне 30 миллион баррель мұнай өндіру квотасын өзгеріссіз қалдырды

AstanaTV
28.11.2014ж. 10:00
1410
ОПЕК тәулігіне 30 миллион баррель мұнай өндіру квотасын өзгеріссіз қалдырды

ОПЕК мұнай экспорттаушы елдер ұйымы тәулігіне 30 миллион баррель мұнай өндіру квотасын өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі хабарлады. Сауд Аравиясының мұнай министрі Али аль-Наими: «Бұл үлкен шешім болды», - деген мәлімдеме жасады. Ал Венесуэланың сыртқы істер министрі Рафаэль Рамирес ОПЕК-ке қатысушы елдер шешімімен толық келісетіндіктерін айтқан. Қолдаушылар қатарында Кувейт мұнай министрі Али Салех аль-Омар да бар. Парсы шығанағының бай елдері мұнайдың төмен бағасымен уақытша келісетіндіктерін алға тартты.

Алайда қара алтынның бағасы бүгінде Венесуэла мен Иранға қатты тиюде. Иранның мұнай министрі Биджан Намдар Зангане ОПЕК-тің шешімі Иранға тиімсіз болғанына қарамастан, Тегеран қатысушы елдердің келісіміне қарсы келмейтіндігін мәлімдеген.

Айта кетейік, бұдан бұрын ОПЕК мұнай өндіру квотасын қысқартқан жағдайда, АҚШ-тың қымбат тақтатас мұнайы нарықтан ығыстырылатындығы және баррель құны 60 долларға дейін түсуі мүмкін екендігі айтылған-ды. Бүгінде ОПЕК-ке қатысушы 12 ел квота механизмін реттеу арқылы әлемдік нарықтағы мұнай тапсырысының 40 пайызын қамтамасыз етуде. 2014 жылдың жазынан Brent сұрыпының баррель бағасы 115 доллардан 80 долларға дейін түскен.

Жұрағат БАМАН