$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Грекиялық көлік қызметкерлерінің 24 сағаттық жаппай ереуілі елдің бүкіл транспорттық жүйесін тоқтатып салмақ

AstanaTV
28.11.2014ж. 10:00
1414
Грекиялық көлік қызметкерлерінің 24 сағаттық жаппай ереуілі елдің бүкіл транспорттық жүйесін тоқтатып салмақ

«Грекиялық көлік қызметкерлерінің 24 сағаттық жаппай ереуілі елдің бүкіл транспорттық жүйесін тоқтатып салмақ», - деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі. Наразылық білдірушілер биліктің 2015 жылға арналған бюджетті қысқартып, қатаң экономикалық саясатты ұстанып отырғандығымен келіспеуде. Бүгінде елдің темір жол, теңіз және әуе қозғалыстары тоқтап тұр. Афинадағы қалалық транспорт ерекше кесте бойынша қатынауда. Метро қызметі де жарым-жарты жұмыс істеуде.

«Aegean airlines» әуе компаниясы 97 ішкі және 65 шетелдік рейсті тоқтатқан. Ал Olympic Air тіпті өзінің барлық 34 рейсіне шектеу қойған. Қозғалыс лидерлері билік халыққа құлақ аспайтын болса, наразылық шаралары жалғаса беретіндігін алға тартуда.

Айта кетейік, ереуілге шыққандар жалақы мен зейнетақы өсіп, еңбек келісімдердің өзгермеуін және еңбек құқықтарының сақталуын талап етуде.

Жұрағат БАМАН