$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағандылық полицейлер букмекерлік кеңсені тонаған қарақшыларға қарсы қару қолданды

AstanaTV
28.11.2014ж. 13:00
946
Қарағандылық полицейлер букмекерлік кеңсені тонаған қарақшыларға қарсы қару қолданды

Бүгін таңертең Қарағандыдағы букмекерлік кеңсенің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады. Құзырлы мекеменің дерегінше, қарақшылар мекеменің кассирі мен күзетшісіне қару кезенген. Мекеме қызметкерлері түскен ақшаны олжаламақ болғандар оқ атып қорқытқанын айтады. Жедел жеткен полицияның әрекет ету жасағы да кеңсе ішіндегі қарақшыларға алдымен ескерту жасап, кейін оқ атуға мәжбүр болған. Тонаушылар ізін суытпақ болғанымен, олардың бірі жараланып қолға түскен.

Қазір облыстық прокуратура полицейлердің табельді қаруын қаншалықты заңды қолданғанын тексеруде. Ал жарақат алып қолға түскен күдікті қазір ауруханада жатыр. Осындай мекемелерге жасалған қарақшылық шабуылдардың соңғы кезде көбейгенін хабарлаған полиция органдары, тұрғындарға барынша сақ болуы керектігін, ескертіп отыр. Ал аталған букмекерлік кеңсе қазір уақытша жабылды. Көршілес орналасқан мейрамханалар мен ломбардтар осы оқиғадан кейін өз күзетін күшейтіпті.

Сегодня утром люди в масках напали. Стреляли. Охранное агентство там было, они  тоже начали стрелять. Одного ранили, вроде, другой скрылся.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Аталған фактіге қатысты бүгінгі таңда ҚР ҚК 179-бабы бойынша қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Еркін КАРИН