$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

AstanaTV
28.11.2014ж. 20:00
947
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткендерді назарға алуды тапсырды. «Бүгін Президент Ақордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдап, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатеріне қарсы тұру шараларын талқылады», - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Елбасы Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатыспаққа кеткен отандастарымызды бақылауда ұстауды тапсырды. Еске салсақ, бұған дейін Нұртай Әбіқаев Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының құрамында 300-ден аса Қазақстан азаматы бар, оның жартысына жуығы әйелдер деген еді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА