$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Маңғыстау облысында «Нұр Отан» партиясының 21 есептік-сайлау конференциясы өтті

AstanaTV
28.11.2014ж. 20:00
941
Маңғыстау облысында «Нұр Отан» партиясының 21 есептік-сайлау конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысындағы саяси кеңес құрамы жаңарды. Олар бүгін 21 есеп-сайлау конференциясында іріктелді. Жиында партия филиалының жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ, қабылданған бағдарламалардың жемісі мен жаңадан жасақталған жобалар жайы сөз болды.

Бүгінде партияның Маңғыстау облыстық филиалында саяси ұйымның 27 мың мүшесі бар. Сондай-ақ, 276 партиялық ұйым жұмыс істейді. Жыл бойына өңірде партияның пәрменімен жүздеген іс-шара өткен. Оның ішінде, көптеген шаралар - әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша ұйымдастырылыпты. Аймақтағы бас партия белсенділері бұл жұмыстармен тоқтап қалмай, алда атқарылатын шаруа көп екенін айтып, қол қусырып отырмайтындарын жеткізді. 

Есберген Тынырбайұлы, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының мүшесі:

Соңғы екі жыл біз үшін ауқымды ауыс-түйістерімен есте қалды. Партияның 15 съезінен кейін біздің партия тек алға қадам басты. Партия 12 жаңа жоба бойынша жұмыс жасауда, еліміздің нығаюына, экономикасының өсуіне бағытталған жобалар. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА