$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Lufthansa әуе компаниясы ұшқыштардың наразылығына байланысты бірқатар рейстерді тоқтатып жатыр

AstanaTV
02.12.2014ж. 13:00
929
Lufthansa әуе компаниясы ұшқыштардың наразылығына байланысты бірқатар рейстерді тоқтатып жатыр

Lufthansa әуе компаниясы тағы 1350 рейсін кейінге шегерді. Келеңсіз жағдай ұшқыштардың кезекті ереуілімен байланысты. Олар зейнет жасының өзгеріссіз қалуын талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан. Өйткені билік ұшқыштардың зейнет жасын 59-дан 61-ге ұзартып отыр.

Ұшқыштардың талабын 150 мыңға жуық жолаушы да қолдайды. Өйткені авиациядағы өзгерістер оларға да қатысты. Жаңа талапқа сай, жолаушылардың билетті қайтару кезіндегі төлемақы мәселесі қарастырылмаған. Lufthansa мен кәсіподақ мүшелерінің демалыс күнгі келіссөздері нәтижесіз аяқталды. Әуе компаниясы осы оқиғаның кесірінен бүгінде 170 млн еуроға шығындалды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ