$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағандыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады деген күдікпен тағы бір адам құрықталды

AstanaTV
02.12.2014ж. 13:00
876
Қарағандыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады деген күдікпен тағы бір адам құрықталды

Қарағандыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады деген күдікпен тағы бір адам құрықталды. Оны 21 жастағы сыбайласы полицейлерге ұстап берді. Облыстық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, тергеу барысында қарақшы досының мекен-жайын айтқан. Сондықтан екінші ұры көп ұзамай ұсталды. 27 жастағы  күдікті  мен сыбайласы кінәларын толық мойындады. Бұрын да 6 рет ұрлық жасап, адам тонағандарын айтқан.

Еске салайық, 4 күн бұрын Қарағандыда екі жігіт букмекерлік кеңсеге шабуыл жасаған еді. Олар мекеменің кассирі мен күзетшісіне қару кезеп, қорқытқан. Полиция кеңсе ішіндегі қарақшыларға суық қару қолданған соң ғана, біреуін қолға түсірген болатын.

Айжан ҚУАШ