Тұңғыш Президент күніне орай
Астанада «Тығырықтан жол тапқан» фильмiнiң тұсаукесері өтті. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де тамашалады.
«Қазақфильм» киностудиясы түсiрген фильм - «Елбасы жолы» киноэпопеясының
төртiншi бөлiмi.
Бұл туынды Мәдениет
және спорт министрлiгiнiң тапсырысымен түсірілген. Мұнда Елбасының 70-шi жылдардағы еңбек жолы, саясатқа ендi
ғана қадам басқан сәттерi суреттелген. Режиссерi - Рүстем Әбдiрашов. Туынды 4 желтоқсанда еліміздің 25 қаласында көпшiлiк назарына ұсынылады деп жоспарланған. Киноға қазақстандық және
ресейлік актерлер түстi. Елбасының бейнесiн Нұрлан Әлiмжанов сомдаған.
Нұрлан Әлімжанов, актер:
Тек менің қуанышым емес, бұл
фильм біздің бірге жасаған қара шаңырақ Шәкен Айманов киностудиясының қаншама
әріптестерімнің жемісі, жеңісі деп білемін. Сондықтан қазақтың айтары бар мәнді
кинолары көп болсын. Баршаларыңызды
құттықтаймын. Президент күні құтты болсын!
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА