$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстандық бизнес бәсекеге қабілеттілігін арттыруда

AstanaTV
02.12.2014ж. 20:00
1028
Қазақстандық бизнес бәсекеге қабілеттілігін арттыруда

Қазақстан бірқатар құрылыс заттары бойынша ішкі сұранысты толық жауып отыр. Бұл Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында қол жеткен нәтиже.  Бағдарлама аясында жалпы құны 20 миллиард долларды құрайтын 770 нысан іске қосылды. Жаңа өндіріс орындарының толық қуатында жұмыс істемеуі салдарынан қиындықтар болды. Әйтсе де, жалпы көрсеткіштер жаман емес. Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Инвестициялар және даму вице-министрі осылай деді .

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Біз цемент, гипс, арматура және полиэтилен құбырлары бойынша ішкі сұранысты толық қанағаттандырып отырмыз. Құрылысшылармен кездесуде кей аймақтардағы кәсіпорындардың толық қуатында жұмыс істемейтіні айтылды. Дәл сол зауыт шығаратын тауарды Кедендік одақ елдерінен немесе Қытайдан алатынымыз жайында сөз қозғадық. Өз кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктерін толық қолдануға тырысамыз. Елбасы Жолдауынан соң құрылысшылар мен жеткізуші компаниялардың тауарына сұраныс боларына сенеміз.

Вице-министр Кедендік одаққа мүше елдер арасында отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне тоқталды. «Ресеймен шекаралас аймақтарда рубльдің құнсыздануына орай, көрші ел тауарларының демпингі байқалады», - деді ол. Яғни Ресей тауарлары Қазақстанның ішкі нарығындағы қалыптасқан бағадан төмен  сатылатын көрінеді.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Әсіресе солтүстік өңірлерде теңге мен рубльдің долларға шаққандағы теңсіздігіне байланысты, Ресей тауары демпингке ұшырап отыр. Бұл объективті нарықтық жағдай. Үкімет бұған көз жұмып қарай алмайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ