$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Шымкентте жеке үйде газ жарылысынан екі адам зардап шекті

AstanaTV
02.12.2014ж. 20:00
1300
Шымкентте жеке үйде газ жарылысынан екі адам зардап шекті

Ал Шымкентте жер үйлердің бірінде жарылыс болып, 9 жасар қыз бала мен 53 жастағы әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар басқармасының алдын ала болжамы бойынша, апат табиғи газдан шыққан. Әуелі жарылыс болып, артынша өрт тұтанған.+

Амангелді Иманғалиев, үй қожайыны:

Қатты дауыс шықты. Мен шатырдан қар құлады деп ойладым. Келінім балконға шығып қарағанда, көрші үйдің қабырғасы құлап жатқанын көрді. Жүгіріп барсақ астында әйел жатыр.

Оқыс оқиға таңғы сағат сегіздер шамасында болған. Қатты жарылыстан екі қабатты үйдің төбесі опырылып, қабырғалары құлады. Төтенше жағдайлар қызметінің болжамы бойынша, жарылыс газ плитасына шәй қоймақ болғанда орын алуы мүмкін. Осы сәтте жатын бөлмеде болған 9 жасар қыз бала да ауыр жараланған. Дәрігерлер оның екі қолы мен бір жақ бетін жалын шарпыған деп отыр. Отағасы үйге көгілдір отынның жуырда ғана заңды түрде кіргізілгенін айтады. Оның пайымынша, жарылыс ас бөлмесінен шықпаған.

Спальный ғой мынау. Осы жер жарылып отыр ғой. Спальныйда ештеме жоқ бізде. Газ да жоқ. Газ плита ана жақта. Енді мамандар айтып отыр: мына жақтан шығып, даже оның иісі арамат боп шығады, сөйтіп накопление болады да, ана жақта от жанғанда жарылады.

Еркін Сарыбаев, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

Қазір енді құзырлы органдардың барлықтарының мамандарын, басшыларын қатыстыра отырып, мемлекеттік тергеу комиссиясы осы болған оқиғаның анық-қанығын неден болғанын, кімнің кінәсі екенін, барлығын анықтайтын болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ