$485.11 €523.82 ₽5.02
×

ЕАЭО аясында доллар немесе еуромен есептесуден бас тарту туралы мамандар түсінік берді

AstanaTV
02.12.2014ж. 20:00
785
ЕАЭО аясында доллар немесе еуромен есептесуден бас тарту туралы мамандар түсінік берді

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер доллар мен еуродан бас тартуы мүмкін. Ресейдің Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы Александр Мурычев «Известия» басылымына осындай пікір білдерген.

«Одаққа мүше төрт мемлекет қаржы операциялары кезінде халықаралық валюталардан 2025 жылы толықтай бас тартуы керек. Ол үшін Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Армения ортақ төлем жүйесінің инфрақұрылымын жасауды қазірден қарастырғаны дұрыс. Ал ұйымға мүше елдердің ұлттық банктері алдына мемлекетаралық төлем айналымынан АҚШ доллары мен еуроны алып тастау мәселесін қою керек», - дейді Мурычев. Басылымның жазуынша, бастаманы Ресейдің Федерация Кеңесі қолдаған.

Алайда біздегі мамандар бірыңғай экономикалық кеңістік аясында тек ұлттық валюталармен есеп айырысу қисынға келмейді деген пікірде. Қазақстан өзге де мемлекеттермен тығыз экономикалық байланыс орнатқан. «Ендеше доллар мен еуродан бас тарту мүмкін емес», - деді қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры Меруерт Махмұтова. Ол ресейлік маманның бұл бастамасы мерзімінен ерте жасалды деп есептейді.

Меруерт Махмұтова, қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры:

Қазақстан тек Ресеймен ғана экономикалық байланыс орнатып отырған жоқ. Ал Армениямен қарым-қатынасымыз шамалы. Экономикамыз үшін халықаралық валюталардан біз ешқайда кетпейміз.  Жалпы бізге доллар да еуро да қажет болады. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ