Lufthansa әуекомпаниясындағы
ұшқыштардың наразылығы салдарынан қазақстандық жолаушылар да жолынан қалуға
мәжбүр. Бір күннің өзінде Алматы-Франкфурт бағытындағы екі бірдей рейс
тоқтатылған. Бұл туралы әуекомпанияның
баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Олар қазақстандық жолаушыларға
ешқандай айыппұлсыз билеттерді қайтаруды немесе ұшу датасын басқа күнге тегін
ауыстырып алуды ұсынуда.
Естеріңізге саламыз, Lufthansa
ұшқыштары зейнет жасының ұзартылуына қарсылық білдіріп, жұмысқа шығудан бас
тартуда. Наразылық басталғалы бері 1300-ден
астам рейс тоқтатылған. 150 мыңға тарта жолаушы әуежайларды паналауға мәжбүр
болып отыр. Әзірге әуекомпанияның жұмысы қашан қалпына келері белгісіз.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА