$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ресей экономикасы санкциялары әсерін сезінуде

AstanaTV
03.12.2014ж. 13:00
1539
Ресей экономикасы санкциялары әсерін сезінуде

Ресейге салынған санкциялар нәтиже бере бастады. Осындай мәлімдемені АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри жасады, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.

Керри мұны Брюссельде өткен НАТО ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесу барысында айтқан. Оның пікірінше, Ресей экономикасы бүгінде айтарлықтай тұралап қалған. Сонымен қатар, мемлекеттік хатшы ресми Вашингтонның санкция енгізуге ниеті жоқтығын да айтады. Алайда, Мәскеуге қысым жасайтын өзге амалды көрмей отырғанын да жасырмады. Басқа бір мемлекеттің аумақтық тұтастығы бұзылғанына жайбарақат қарап, отыра алмаймыз, деді ол. Экономикалық шектеулердің зияны әзірге тек қарапайым халыққа тиіп жатыр, деп қосты Джон Керри.

Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

Елде не болып жатқанын қараңыздар. Ресей билігі келесі жылы елді рецессия күтіп отырғанын ашық айтты. Рубль да бұрын-соңды болмаған межеге дейін құлдырады. Ресей экономикасы санкциялардың зардабын көріп отыр. Сондықтан, мен біздің тарапымыздан салынған экономикалық тыйымдар нәтижесіз деп айта алмаймын. Бұл Ресей билігіне әсер етті ме? Жоқ. Алайда болашақта әсер етуі әбден мүмкін.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА