Боранға байланысты Қазақстанның
бірқатар өңірлерінде жолдар жабылуда. Қар мен жел күшейіп, жол көрінбегендіктен
Жамбыл облысында Алматы-Ташкент-Термез жолында қозғалыс шектелді.
«Қазақавтодор» кәсіпорнының
хабарлауынша, дәл осындай жағдай Қарағанды облысында да орын алған. Мұнда барлық бағыттар бойынша шектеулер қойылған. Кеше
кешкі 21:00-ден бастап көліктің кез келген түрі үшін жолдар жабылды.
Әзірге қозғалыстың қашан қалпына келері белгісіз.
Бүгін таңертең «Астана-Ерейментау»,
«Астана-Қарағанды» бағыттарындағы жолдардың да жабылғаны хабарланды. Ақ түтек боран Астана қаласы тұрғындарын да
әбігерге салды. Мұнда жергілікті білім басқармасының шешімі бойынша, ауа
температурасының төмендеуіне байланысты I ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары
үшін сабақ тоқтатылды. Жалпы, 4-6 желтоқсан күндері Қазақстанның
көптеген облыстарында қар жауып, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына
15-23 метрге жетеді.
Илхам ИБРАГИМ