$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Жапонияда 300 жолаушысы бар поезд қар құрсауында қалды

AstanaTV
04.12.2014ж. 10:00
1447
Жапонияда 300 жолаушысы бар поезд қар құрсауында қалды

Жапония қолайсыз ауа райынан қиындық көріп отыр. Мұнда, тіпті 300 жолаушысы бар пойыз қар құрсауында қалып қойды. Ямагата қаласынан Сэндайға жол тартқан отарба таулы шатқалдар маңында электр энергиясыз қалған. Сөйтіп, төпелеп жауған ақ ұлпа басып қалса керек. Жолаушылар құтқарушылар келгенше жылусыз, тіпті ауыз сусыз отыруға мәжбүр болды.

Айта өтейік, қазір Жапония аумағына Ресейдің Приморье маңынан ығысқан циклон келіп басып тұр. Салдарынан бірден күн райы суытып, қар борап кетті. Бұған арнайы қызметтер дайын болмаса керек. Бір күннің өзінде жауған қардың биіктігі 50 см-ге жеткен.

Илхам ИБРАГИМ