Астанада ғалым, мемлекет және қоғам
қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың «Қазақтың айтыстары» атты 7 томдық кітабының
тұсаукесері өтті. Туынды «Қазақ өнерінің антологиясы» сериясы аясында Күлтегін
баспасынан шыққан. Кітаптың ерекшелігі - онда бірінші рет қазақтың көне
айтыстарынан бастап, қазіргі заманғы айтыстарына дейінгі барлық деректер мен
мәліметтер жинақталған. Сондай-ақ, басылымға
ақындар туралы ақпарат пен сөздіктер енгізілді.
Жүрсін Ерман, Республикалық кітап
мұражайының директоры, ақын:
Соңғы 15-20 жылдың көлемінде көркем, кәделі айтыстар жасаса, соның бәрінің
мәтінін қағазға түсіріп, айтыстың ішіне енгіздік. Бұл бір үлкен бабалар сөзінен кейінгі халыққа рухани
серпіліс беретін, ләззат тапқызатын өте бір құнды кітап болды ғой деп ойлаймын.
Жұрағат БАМАН