Ал
Владимир Путин бүгін Ресей халқына жолдауын арнады. «Кешегі бақталастарымызды
дос ретінде қабылдап, ашықтық танытқан едік. Олар Ресейде ақпараттық, саяси,
қаржылық сепаратизмді дамытуға ықпал етті. Сөйтіп Югославия секілді ыдыратуды
көкседі. Бірақ біз бұған жол бермейміз. Кейбір Еуропа елдері үшін ұлттық намыс
ұғымы баяғыда ұмыт қалған, егемендікке де қолдары жетпей отыр. Ал Ресей үшін
бұл ұғымдар аса маңызды», - деді Путин.
Сондай-ақ,
жолдау бойынша бизнеске салынатын салықты өсіруге мораторий жарияланды.
Тексеруге де 3 жылға тиым салынды. Ал рубль бағамының құбылуын пайдаланып
қалғысы келетін алаяқтарды қатаң жазалауды тапсырды. Қорыта келе, ол «алдағы
3-4 жылда Ресейдің экономикалық өсімі орташадан жоғары болу керек» деді. АҚШ-тың ракетаға қарсы қорғанысы
Ресейге ғана емес, Еуропаға да қауіпті дей келе, әскери техниканы дамытуға қаржы
құйып Құрама Штаттармен жарысқа түспейміз, бірақ қорғаныс шебі берік болады
дегенді қосты.