$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстанда 30 градустық аяз болады деп болжануда

AstanaTV
05.12.2014ж. 10:00
1202
Қазақстанда 30 градустық аяз болады деп болжануда

Қазақстанның барлық аймақтарында күн суытып, 30 градустық аяз болады деп болжануда. «Қазгидромет» қатты боран мен аязға байланысты аймақтар үшін дауылды ескерту таратып жатыр.

Осы уақытқа дейін күн райы жылы болған оңтүстік өңірлерде де аяз болады. 7 желтоқсан күні ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында қар борап, желдің екпіні секудына 15-20 метрге жетеді. 8 желтоқсан күні бұл аймақтарда ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін суытады.

Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 25 м/с болып, сынап бағанасы 34 градусқа дейін төмендейді. Алдағы демалыс күндері Астанада 30 градус аяз болады деп болжануда. Қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылуы мүмкін.

Илхам ИБРАГИМ