$485.11 €523.82 ₽5.02
×

В.Путиннің жолдауын шетел сарапшылары да сынап жатыр

AstanaTV
05.12.2014ж. 13:00
750
В.Путиннің жолдауын шетел сарапшылары да сынап жатыр

Ресей Украинаға байланысты саясатын өзгертпесе, Құрама Штаттар санкцияны күшейтеді. Ақ үйдің өкілі Джош Эрнест «Ресей өзіне жүктелген талаптарды орындамай отыр. Яғни, оларға қарсы қысым күшейеді», - деді. Бұл мәлімдеме Ресей президенті Владимир Путиннің халыққа арнаған жолдауынан кейін жасалды.

АҚШ ұлттық департаментінің өкілі Мэри Харф «Біз жолдауға баға бермейміз. Дегенмен, Ресейдің Батыс саясатына наразылығымен келіспейміз. Қазір Мәскеу мен Вашингтон арасында қарама-қайшылықтар бар. Бұл біріншіден, Украинадағы жағдайға тікелей қатысты», - деп түсіндірді.

Самат ҚАНАҒАТОВ