$485.11 €523.82 ₽5.02
×

БҚО-дағы Березовка ауылын қандай улы зат шарпыды?

AstanaTV
05.12.2014ж. 20:00
1005
БҚО-дағы Березовка ауылын қандай улы зат шарпыды?

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылының тұрғындары «мектеп жабылсын» деп отыр. Бұл талап орындалмаса, балаларын мектепке жібермейтінін айтып дабыл қағуда. Тұрғындар оқушылардың тағы да уланып қалуынан қорқады.

Күні кеше Березовкада 7 оқушы өздерін жайсыз сезінген еді. Бүгін тағы алтауының жағдайы нашарлап дәрігер көмегіне жүгінді. Олардың мұндай күйге түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, 28 қарашада Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылында 20 шақты оқушы белгісіз газдан уланып, ауруханаға түскен. Арада бірер күн өткенде, олардың қатары 40-тан асты. Ал облыстық прокуратура өкілдері осы кезде ауыл іргесіндегі Қарашығанақ кенішінде зиянды газдың шығарылғанын анықтады. Дегенмен, бұл оқиғаның ауылдағы жағдайға қатысы бар ма, жоқ па, ол жағы тексерілетін болады. Бүгінде ауа мен судан және топырақ қыртысынан сынамалар алынуда.

Нұрсұлташ Қалиева, Березовка орта мектебінің директоры:

Мектепте сабақ кезінде 7 адам өздерін жайсыз сезінді. Ауа жетпей, жүрегі қысылғасын, оларды ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға апардық. Тексергенде қан қысымы 140-тан асқан 4 бала қазір медпунктте жатыр.

Ауылды қандай улы зат шарпыды? Экологиялық мониторинг станциясы зиянды затты неге анықтай алмайды? Березовка ауылындағы ахуал туралы арнайы репортажды ертең, 20.30-да, «Біздің уақыт» хабарынан көре аласыздар.

Еркін КАРИН