$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Барыс» командасы жеңілістен көз ашар емес

AstanaTV
05.12.2014ж. 20:00
1536
«Барыс» командасы жеңілістен көз ашар емес

«Барыс» командасы жеңілістен көз ашар емес. Жуырда ғана сырт алаңнан бос қоржынмен оралған астаналық ұжым бұл жолы өз айдынында үш ұпайдан айрылды. Қазақстандық команданың алдын орап кеткен Омбы қаласының «Авангард» клубы. Бұл ойындағы алғашқы голды қонақтар екінші кезеңнің басында соқты. Голдың авторы - Александр Пережогин. Бұл шайбадан кейін шабыттанған ресейлік клуб үшінші кезеңде есепті еселеді. Бұл сәтте Владимир Соботка мүлт кетпей, есепті қорытындылады.

Бұл сәтсіздігінен кейін елордалық ұжым турнир кестесінің 6-шы сатысында қалды. Келесі кездесуін «Барыс» командасы сырт алаңда Загреб қаласының «Медведшек» клубына қарсы өткізеді.



«Астана» велокомандасы 2015 жылға берілетін әлемдік тур лицензиясынан құр алақан қалды деген ақпарат көпшілікті дүрліктіргені рас. Бірақ бұл жаңалық толығымен расталған жоқ. Жуырда белгілі болғандай, «Астана» клубына байланысты нақты шешім 10 желтоқсан күн шығады. Еліміздің велоспорт федерациясының вице-президенті Дархан Қалетаев: «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жақында халықаралық велоспорт кеңесі орналасқан Лозана қаласында болып қайттым. Біздің командаға лицензия беріледі. Оған еш күмәнім жоқ», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 бірдей қазақстандық спортшының допинг қолданғаны расталды. Қазіргі уақытта еліміздің велоспорт федерациясы допингке қарсы күресті күшейтіп, қатаң шаралар қоданатын болады.

Самат ҚАНАҒАТОВ