$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Франция президенті өзі мінетін көлік маркасын Қазақстанда құрастыруға ұсыныс білдірді

AstanaTV
05.12.2014ж. 20:00
1076
Франция президенті өзі мінетін көлік маркасын Қазақстанда құрастыруға ұсыныс білдірді

Франсуа Олланд өзі мінетін көлік маркасын Қазақстанда құрастыруға ұсыныс білдірді. Қазақстан-Франция бизнес форумы кезінде Олланд осындай пікірін айтты.

Франция - біздегі мұнай саласына қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі. Енді бұл ел экономикаға байланысты өзге салаларды да дамытуға мүдделік танытып отыр. Мәселен, денсаулық саласында «Санафи», азық-түлікте «Данон» компаниялары серіктес болуға дайын. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда электр станциясы құрылысы жобасын қарастырмақ.

Франция біздің елде көлік құрастыруға екі жыл бұрын кіріскен. PSA Peugeot Citroën компаниясы қазақстандық AllurGroupпен бірігіп алдағы екі жылда 17 мыңға дейін Пежо автокөлігін шығаруды жоспарлап отыр.

Франсуа Олланд Франция президенті:

PSA, например, представлена в Казахстане в прошлом году. И ставит перед собой целью производство 15 тысяч автомобилей. И в том числе модель «Ситроен Елизе». Та модель, которой я пользуюсь лично. 

Франсуа Олланд Еуроодақ пен Қазақстан сауда-саттықты еш кедергісіз жүргізуге жол ашатын келісімдерді тез арада қабылдағанын қалайды. Франция - елімізің инвестиция бойынша ірі әріптесі. Бүгінге дейін біздің экономикаға бұл ел тарапынан қомақты қаржы құйылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Видите, на этих снимках Эйфелева башня три раза выше, чем наш Байтерек,  это говорит, насколько развита Франция, куда мы еще должны тянуться. Это сотрудничество - для нас большая честь. Мы будем с большим удовольствием принимать французских деловых людей, и образование, и университеты Франции.

Франсуа Олланд, Франция президенті:

Речь идет не только о политической независимости. Речь идет еще об экономической, научной независимости. А также независимости в области образования, и мы хотели бы в полной мере участвовать во втором этапе развития вашей страны, поэтому я приехал с визитом.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ