Қарағанды облысында жол апаты
салдарынан бір полицей көз жұмды. Тағы төрт
адам зардап шекті. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.
Екі полицей мен тағы үш адам мінген
BMW автокөлігі тас жолдан шығып кеткен. Облыстық «Жедел жәрдем» қызметінің
мәліметінше, апатқа ұшыраған азаматтарды ауруханаға апара жатқан жолда облыстық
ішкі істер департаменті жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкері қайтыс
болды.
Автокөліктің не себепті апатқа
ұшырағаны тергеуалды тексеріс барысында анықталады. Жол апатынан қаза тапқан
сержант қазан айында қызметке тұрған екен. Ал жол-көлік оқиғасы қызметтік
міндетті атқару үстінде болған жоқ, - дейді полицейлер.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ