$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Петропавлда жиын-терім аяқталды, қалғаны қар астында

AstanaTV
08.12.2014ж. 13:00
1501
Петропавлда жиын-терім аяқталды, қалғаны қар астында

Солтүстік Қазақстан облысы күзгі жиын-терім жұмыстарын аяқтап, 5 млн тонна астық жинады. Ал қар астындағы астық - көктем шыға жиналмақ.

Егістік алқаптарының түгел дерлігі емес, 97 пайызы ғана орылыпты. Билік өкілдері мұны қолайсыз ауа райымен түсіндіріп отыр. Шаруаларға алдымен толассыз жауған жаңбыр кедергі келтірді. Артынша қар түсіп, ол орақ науқанын сағызша созып жіберді, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы. Шенеуніктер, егіннің далада қалған 93 мың гектары ысырап болмайды, деп сендіріп отыр. Жалпы, қазір бидайдың шамамен 40 пайызы элеватор қамбаларына құйылды. Оның жартысынан астамы үшінші класс сұрпына жатады.

Әбілхан Бижанов, СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Облыста 3,7 млн қамбалар элеваторларда орналасса, 2,6 млн тоннаны сақтайтын қамбалар шаруа қожалықтарында орналасқан. Жинап алған егініміздің көлемі 97 пайыз. 3 пайызы келесі жылға ауысып тұр. Олар көбіне дестеде жатқан бидайлар. Қалған 3 пайызын, 93 мың гектар, көктемде жинап алуға үміттіміз. Жинап аламыз оны.

Абзал ҚҰРМАНКИН