$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Миланда наразылық шерулері өршіп тұр

AstanaTV
08.12.2014ж. 13:00
1073
Миланда наразылық шерулері өршіп тұр

Италияның Милан қаласында наразылық шеруі өршіп тұр. «Ла Скала» театрындағы жаңа опералық маусымның ашылуы полицейлермен қақтығысқа ұласты. Студенттер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жаппай ереуілге шықты. Олар қаржылық үнемдеулер мен жаңа үкімет енгізген реформаларға наразы.

Көп ұзамай шерушілерге «Ла Скала»-ның сондай-ақ, Рим мен Флоренция театрларының қызметкерлері де қосылды. Мәдениет саласына бөлінген бюджет қаржысының қысқаруы өнер өкілдерінің көшеге шығуына негіз болды. Жалпы алғанда, ереуілдер елдің 25 қаласын шарпыды.

Осыған ұқсас жағдай Бельгияда да орын алған. Мұнда жойқын қақтығыстар әлі байқала қоймады. Әйтсе де, Брюссельде бүгіннің өзінде үшінші шеру өтеді деп күтіліп отыр. Үкіметтің экономикалық саясатына қарсы платформа құрған кәсіподақ өкілдері үнемдеулерге қарсы бас көтеруде. Олар әлеуметтік кепілдердің сақталуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуын талап етуде.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА