$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қытайда 8 адам өлім жазасына кесілді

AstanaTV
09.12.2014ж. 10:00
1471
Қытайда 8 адам өлім жазасына кесілді

«Қытайда 8 адам өлім жазасына кесілді. Олар Синцзян-Ұйғыр автономиясына қарасты Үрімші қаласында ұйымдастырылған терактіге қатысы бар деп айыпталған». France-Presse агенттігі осылай деп хабарлайды.

Тағы бес лаңкес мерзімі шегертілген өлім жазасын алды. Олар үшін өлім жазасы енді үлгілі тәртібімен көзге түскен жағдайда ғана өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады.

Еске салсақ, алғашқы теракт 30 сәуірде темір жол бекетінде орын алды. Ол кезде 3 адам көз жұмып, 79-ы жараланған. Ал 22 мамырда таңғы сағат 8-де адам көп жиналатын Жэньминь саябағы маңындағы базарға кірген екі көлік бірнеше жарылғыш затты тастаған. Салдарынан 39 адам ажал құшып, 94-і жараланды. Үрімшіде 1990 жылдан бері белсенді түрде лаңкестік әрекеттер жасап жүрген «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы» ұйымы жұмыс істейді. Өздерін мұсылманбыз деген ұйғырлар Қытай халық республикасынан азаттық талап етуде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ