«Астана
Операда» қазақтың көрнекті композиторы Ғазиза Жұбанованың музыкасына қойылған
«Қарагөз» ұлттық балетінің тұсаукесері өтті.
Екі
сағатқа жуық созылатын қойылымға қатысатын әртістер үшін елуден астам ұлттық
киім арнайы тігілген. Декорация жасауға және жалпы әзірлікке екі айға жуық
уақыт кеткен. Басты партияны жетекші солист ретінде алғаш рет Әнел Рүстемова
орындады. Қарагөздің рөлі эмоциялық тұрғыдан күрделі. Сондықтан орындаушы
кейіпкер өмірін тек қимыл тілімен ғана емес, эмоциялық ишарат арқылы, ой
деңгейінде жеткізеді. Балеттің хореографиялық бөлігін Еуропалық балет
академиясының профессоры, Халықаралық балетмейстерлер конкурстарының лауреаты
Вакиль Усманов қойды. Ал спектакльдің музыкалық редакциясын еліміздің еңбек
сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов әзірлеген.
Абзал
Мұхитдинов, «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі:
Жалпы Ғазиза
Ахметованың музыкасы кез-келген адамға түсінікті емес. Бірақ хореографиямен
бірге өте сәйкес келеді. Бірінші актіде біз жар-жар,
тойбастар көріністерін көреміз.
Жұрағат БАМАН