$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Украина Ресей газы импортын жандандырды

AstanaTV
09.12.2014ж. 20:00
1544
Украина Ресей газы импортын жандандырды

Украина Ресейден газ тасымалын қайта бастады. Бұл туралы ресейлік баспасөз «Укртрансгаз» компаниясына сілтеме жасап хабарлады. Украина тарапы тәулігіне 43,5 млн текше метр көгілдір отын алатын болыпты. 8 желтоқсанда «Газпром» 1 млрд текше метр отын жеткізу үшін «Нафтагаздан» алдын ала төлем ретінде 378 млн доллар алынғанын растады.

Еске салсақ, Ресей Украинаға маусым айынан бері көгілдір отын сатуды тоқтатты. 1 сәуірден бастап Киев үшін мың текше метр газ құны 485,5 долларға қымбаттаған. Ал қазанда екі ел тасымалды қайта бастауға келісті. Ресми Киев қордаланған қарызды өтеуге уәде берген еді. Қараша басында «Нафтагаз» былтырғы қарыз үшін «Газпромға» 1 млрд 45 млн доллар аударғанын хабарлады. Жыл соңына дейін тағы 1,5 миллиард доллардан асатын борышын өтеуі тиіс.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ