$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қарағандының бұрынғы әкімі тұсында жұмыстан қуылған шенеунік қызметке қайтып келді

AstanaTV
09.12.2014ж. 20:00
1137
Қарағандының бұрынғы әкімі тұсында жұмыстан қуылған шенеунік қызметке қайтып келді

Қарағандының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев тұсында жұмыстан қуылған шенеунік қала әкімінің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды. Екі жыл бұрын үлкен даумен жұмысынан босатылған қаланың бұрынғы бас архитекторы Тайхан Қалмахановты бүгін Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің қол астындағыларға таныстырды.

Кеншілер қаласының бұрынғы бас архитекторы Тайхан Қалмаханов Елбасының 2011 жылы дағдарыс кезінде шенеуніктерге шетелде жаңа жыл мерекесін тойлауға тыйым салуына қарамастан, Австрияда демалғаны үшін 2012 жылы қаңтарда жұмыстан қуылған болатын. Шенеунік оған дейін 2005 жылдан бастап Қарағандының қала құрылысы және архитектура бөлімі басшысы қызметін атқарды. Жанжал кезінде Қалмаханов демалысқа ауызша рұқсат алғанын айтып, өз лауазымын сот арқылы қайтармақ болған. Әкімдіктен 5 жүз мың теңге моральдық шығын төлеуді талап етіп, дау да шығарған. Алайда, сөзі расталмаған соң, ақыры қызметті босатты. Одан бері Қарағанды әкімдігінде талай шенді ауысты. Ал, қазіргі басшылық, Тайхан Қалмахановты сол кездегілерге ұнамағандықтан қызметтен қуылды деген, уәж айтып отыр 

Руслан Телегин, Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Ол әкімдіктегі ауысулар кезінде бірбеткейлігінің салдарынан жұмыстан босатылды. Бұл бұрынғы басшылыққа күйе жаққанымыз емес. Тайхан Қалмаханов талғамы жоғары, жақсы құрылысшы әрі керемет архитектор. Ол жаңа құрылыстың, жаңа нысандардың бой көтеруіне үлесін қосады.

Айжан ҚУАШ