$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Алматыда ірі контрабандалық тауардың жолы кесілді

AstanaTV
10.12.2014ж. 10:00
1467
Алматыда ірі контрабандалық тауардың жолы кесілді

Алматыда ірі контрабандалық тауардың жолы кесілді. Пысықайлар Қытайдан Ресейге Қазақстан арқылы жалған акциздік маркаларды жасырын алып өтпек болған. Бұл жөнінде Алмалы кедендік рәсімдеу орталығының өкілі Жасұлан Талқыбаев хабарлады.

Оның айтуынша, аталған бекеттің қызметкерлері жүк көлігін тексеру барысында күдікті  қораптарды тапқан. Оларды ашқанда, ішінен арақ-шарап өнімдеріне арналған акциздік маркалар шықты. Барлығында «Ресейде жасалған» деген жазу бар. Елуге жуық қораптың әрқайсына 20 орамнан салынған. Заңсыз акциздік маркалардың салмағы екі жарым мың тоннадан асады.

Белгілі болғандай, заңсыз тауарды тиеген жүк көлігі Қытай елінен Қазақстанға Қалжат кеден бекеті арқылы кірген. Құзырлы орындар заңсыз тауардың кімге тиесілі екенін де анықтап үлгерді.

Жасұлан Талқыбаев, «Алмалы-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің жетекші маманы:

Бұл жүктің иесі - Қазақстан азаматы. Алматы облысында тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қожайыны. Заңсыз тауар Қытайдан Алматыға жеткізіліп
, одан әрі Ресейге жөнелтілуі тиіс болған.

Берік ХАСЕНОВ

Алдыңғы жаңалық