$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Кедендік одақ Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияларға жауап беруі мүмкін

AstanaTV
10.12.2014ж. 10:00
929
Кедендік одақ Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияларға жауап беруі мүмкін

Кедендік одақ Ресейге қарсы қолданылып жатқан санкцияларға жауап беруі мүмкін. Бұл туралы көрші ел сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа сілтеме жасап, «Риа-новости» агенттігі хабарлайды.

Кедендік одақтың нормативті-құқықтық базасы одаққа мүше бір елге үшінші елдер тарапынан экономикалық қысым жасалса, бірігіп әрекет етуге құқық береді. Бірақ, бүгінде одақтың күн тәртібінде батысқа қарсы санкциялар қолдану мәселесі тұрған жоқ.

Алайда, мұндай қажеттіліктің туындауын жоққа шығармады Сергей Лавров. Одақтастармен Батыс пен Американың Мәскеуге қарсы қолданып жатқан экономикалық қысымы халықаралық құқық талаптарына қайшы келіп, Украинаның ішкі дағдарысын реттеуге септігін тигізе алмайды деген пікірдеміз, деп атап өтті министр.

Естеріңізде болса, Еуроодақ пен АҚШ санкциялары Ресейге шілде айынан бері төніп келеді. Жеке компаниялар мен тұлғаларды шектеуден басталған қысым ресейдің алып экономикалық секторларына әсер етіп отыр. Мәскеудің де қарсы санкциялар қолданып жатқаны белгілі. Дегенмен, бұл шектеулердің немен тынарын азулы сарапшылар да болжай алмай отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ