$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Ресей бюджеті 331 млрд рубль жоғалтуы мүмкін

AstanaTV
10.12.2014ж. 10:00
1336
Ресей бюджеті 331 млрд рубль жоғалтуы мүмкін

Ресей бюджетінің 2015 жылғы шығыны мұнай бағасының құлдырауы мен рубль бағамының төмендеуінен 331 миллиард рубльді құрауы мүмкін. Бұл туралы есеп комитетінің бастығы Татьяна Головкина хабарлады, деп жазады «Итарр-ТАСС» агенттігі.

Головкинаның айтуынша, үстіміздегі жылы инфляция 9,7-9,8 пайызды құрауы мүмкін. Құзырлы орган жетекшісінің бұл болжамы экономикалық даму министрлігінің соңғы жағдайларды ескере отырып жасаған болжамы негізінде берілді және қайта қаралуы мүмкін деп хабарлайды агенттік. Ал, қараша айында қаржы министрлігі алдағы жыл бюджетінің шығыны триллион рубль көлемінде болады деп есептеген еді.

Ведомствоның болжамынша, шығындардың артуына  Ресей экономикасы өсімінің төмендеуі және ипорттың азаюы әсер етпек. Ал, желтоқсанның үшінде Ресей басшысы Владимир Путин үш жылдық федералды бюджет туралы заңға қол қойған еді. Аталмыш құжатқа сай 2015 жылдың қазына кірісі 15,8 триллион рубльді, ал шығыс бөлігі 16,3 триллионды құрамақ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ