$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Еуропа «Оңтүстік ағынға» балама бағыт тапты

AstanaTV
10.12.2014ж. 13:00
1981
Еуропа «Оңтүстік ағынға» балама бағыт тапты

Еуропа «Оңтүстік ағынға» балама бағыт тапты, тіпті ол арқылы Қазақстанның да өнімін алуға ниетті. Әңгіме «Оңтүстік газ дәлізі» туралы болып тұр, ол Ресейді айналып өтеді, - деп хабарлайды «Итар ТАСС».

Энергетикалық одақ жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичтің айтуынша, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстан кен орындарынан «көгілдір отынды» 2019 жылға қарай алу жоспарланған. Шефчович сондай-ақ, аумағынан «Оңтүстік ағынның» газ желілері тартылады, деп жоспарланған елдер бұл жаңа жобаның жүзеге асуына келісім бергенін де атап өтті. Бұл жөнінде «РБК» хабарлайды.

Ақпаратқа сай, «Оңтүстік газ дәлізі» бірнеше ірі газ құбырларын бір орталыққа біріктіруі тиіс. Осылайша, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Қазақстанның газы Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізілмек. Болашақта Ирак пен Иранның көгілдір отынын да осы жолмен тарту жоспарда бар. Жобаның жалпы құны $45 млрд.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА