Сауд Арабиясының билігі
экономикасын реформалауға көшті. Middle East Online порталының хабарлауынша,
Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Сауд патша экономиканы мұнайға деген тәуелділіктен құтқару үшін күрделі реформалар
дайындап жатқан көрінеді. Соның бір қадамы ретінде арабтар экономикасын Қытай
инвестициялары есебінен әртараптандырмақ.
Қытай Халық Республикасының
төрағасы Си Цзиньпиннің корольдікке жасаған сапарынан кейін Рейтерс осылай
жазды. Агенттіктің хабарлауынша, Эр-Риядта соңғы жылдары қытай капиталымен
жұмыс істейтін 160 компания тұрақтап алған. Арабтар мен қытайлықтардың тағы бір
ортақ жобасы - құны 10 млдр АҚШ валютасын құрайтын жаңа мұнай өңдеу зауыты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ