«Қазақстан «алтылық» пен Иран
арасындағы ядролық бағдарламаларды реттеуге қатысты келіссөздердің кезекті
раундын ұйымдастыруға дайын». Бұл жөнінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан
Ыдырысов пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Вашингтондағы бірлескен
мәлімдемесінде айтылды.
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының
басшысы, «Біз бір мақсатқа жұмылдырылған стратегиялық қарым қатынасқа барынша қуаныштымыз», деп атап өтті. Джон Керри кездесу барысында
Вашингтон мен Астананың әріптестік қарым-қатынасының маңызды екенін айрықша
атады. «Украинадағы дағдарысқа қатысты Қазақстанмен арадағы ашық
диалогты АҚШ барынша бағалайды», - деді.
Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:
Біз әсіресе, қауіпсіздік, экономика салаларындағы өзара қарым-қатынастың
дамығанына қуаныштымыз. Қазақстанның
дүниежүзілік сауда ұйымына енуі тұрғысында белсенді жұмыс жүргізудеміз.
Қазақстанмен байланысты арттыра түсу біз үшін - аса маңызды бағыттардың бірі.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА