$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Астана театры сахнасында «Жусан» балетінің премьерасы өтті

AstanaTV
11.12.2014ж. 20:00
3142
Астана театры сахнасында «Жусан» балетінің премьерасы өтті

Астана театры сахнасында «Жусан» балетінің премьерасы өтті. Ұлтымыздың тарихы мен бағалы құндылықтарын паш еткен шығарма Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында барша қазақстандықтарға жасалған тамаша тарту іспетті. Өнер туындысын тамашалаған көрермен пікірі осыған саяды.

«Астана балет» театры қойған «Жусан» балетін қазақстандық жас хореограф Мүкарам Авахри сахналаған. Автордың ойын көрерменге толық жеткізу үшін, көрші мемлекеттерден театр мамандары шақыртылды. Осылайша, «Астана балеттің» жаңа маусымы ұлт тарихына арналған теңдессіз туындымен  ашылды. Премьераға театр труппасының барлық бишілері қатысқан. Ал қойылым либреттосын ақын Бақыт Қайырбеков жазды.

Бақыт Қайырбеков, ақын, режиссер, «Жусан» балетінің либретто авторы:

Шетелдерде болашақта қойылып жатса, біздің жусанымызды, ұлтымыздың  тарихын әлем біліп жатса, бұл тамаша болар еді.

Қойылымда Қуат Шілдебаевтің шығармалары орындалды. Балет музыкасына сондай-ақ халық әндері мен шетел композиторларының туындылары енген. «Жусан» спектаклін тамашалаған астаналықтар даланың тынысын көргендей күйде болғанын айтады.Туған жердің жылуы, атамекенге деген сағыныш пен махаббат та шығармада керемет көрініс тапқан. «Бұл өнер шаңырағының мақтанышына айналатын қайталанбас туынды болды»,-дейді көрермен.

Қыдырәлі мен Қарақат жаңашылдығымен, әдемі декорациясымен, өте ерекше талғаммен жасалған дүние, өте ұнады, ду қол шапалақ.

Қазақ болып туғанымызға мақтанамыз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА