$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Google-аударма қазақ тілінде жұмыс істей бастады

AstanaTV
12.12.2014ж. 13:00
3573
Google-аударма қазақ тілінде жұмыс істей бастады

Google компаниясының «тілмаш» қосымшасы қазақша сөйлей бастады. Қосымша енді қазақша сөздер мен сөз тіркестерін әлемнің 90 тіліне аудара алады, - деп Google компаниясының Қазақстандағы өкілдігі хабарлады.

Компания мамандарының айтуынша, бұл саяхатты жаны сүйетіндерге және түрлі ұлт өкілдерімен тілдескенге құмар жандар үшін жақсы жаңалық. Google-тілмаш бейтаныс мемлекетке саяхаттап барған туристке нан сұрап жеуге, тіпті біраз әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік береді. Қосымшаны компьютер және смартфон арқылы пайдалануға болады.

Алайда, кез келген онлайн-тілмаштарға тән «тура аудару» кемшілігі бұл қосымшада да бар. Бірақ, өнімнің авторлары қазақстандықтардың өздеріне аталмыш кемшілікті түзетуге мүмкіндік береді. Егерде сөз немесе сөйлем қате аударылғанын байқасаңыз, «қалам» белгісін басып, дұрыс нұсқасын жазып, қосымшаны жетілдіре аласыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ