$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Қытайда жергілікті банктерді қолдауға орасан қаржы бөлінді

AstanaTV
12.12.2014ж. 13:00
1232
Қытайда жергілікті банктерді қолдауға орасан қаржы бөлінді

Қытай халық банкі жергілікті екініші деңгейлі банктерді қаржыландыру үшін 65 миллиард доллар бөлуді қарастырып отыр. Бұл туралы Market Watch хабарлайды.

Орталық банк бұл қаражатты China Development Bank арқылы қысқа мерзімді несие ретінде нарыққа шығармақ. Қытайлық реттеуші бұл әрекетті өзгелер қаржы-несие саясатын жеңілдету деп қабылдауы мүмкіндігінен қауіптеніп ресми жарияламады. Қыркүйекте Қытай Орталық банкі елдегі ірі 5 қаржы институтына 500 млрд юань несие бөлген. Ол осы желтоқсанда қайтарылуы керек.

Елдегі қаржы ұйымдары Орталық банктен қордағы ақшаны шығару үшін несиелендіру талаптарын жеңілдетуді сұраған. Бұған дейін Ұлттық банк мұны қолдаған. Қазір асықпайды. Өйткені ол онсыз да проблемаға айналған шектен тыс өндіріске кері әсер етуі мүмкін. Қарашада Орталық банк несие мен депозиттің пайызын төмендетті. Сарапшылар енді банктердегі қорға қатысты да жеңілдік болады деп күтеді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА