$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Орталық барлау бюросы Ирактың 2001 жылғы террактке қатысы жоқтығын айғақтайтын деректерді жариялады

AstanaTV
12.12.2014ж. 13:00
1004
Орталық барлау бюросы Ирактың 2001 жылғы террактке қатысы жоқтығын айғақтайтын деректерді жариялады

Саддам Хусейннің «Аль-Каида» лаңкестеріне қатысы болмаған және америкалық барлау бюросы бұл туралы әу бастан білген. Осындай мәлімдемені Орталық барлау бюросы күні кеше ғана таратты, деп хабарлайды «РИА Новости».

Демек, АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте болған терактіге Ирак араласпаған. Орталық барлау бюросы, теракт ұйымдастырушысы Мұхаммед Атта мен Ирактың барлау өкілі Прагада кездесті деген ақпаратты жоққа шығарғаны мәлім.

Алайда, АҚШ билігі, әсіресе вице-президент Дик Чейнидің ұстанымы өзгермеді. Ол Иракта жаппай қырып-жою қаруы бар дегеннен де таймады. Бірақ бұл мәлімдеме дәлел таппағаны белгілі.

Еске салсақ, осы аргументтер Ирак аумағына басқыншылық жасауға негіз болған еді. Салдарынан 100 мыңнан астам әскери қаза тапты. Олардың 4,5 мыңы - АҚШ әскерилері. Сол соғыстан ел әлі күнге дейін есін жинай алар емес.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА