$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Қазақстанның барлық дерлік әуе компанияларына Еуропалық одақ аумағына ұшуға тыйым салынды

AstanaTV
12.12.2014ж. 13:00
1451
Қазақстанның барлық дерлік әуе компанияларына Еуропалық одақ аумағына ұшуға тыйым салынды

Қазақстанның барлық дерлік әуе компанияларына Еуропалық одақ аумағына ұшуға тыйым салынды. Ұшағы Еуропа әуежайларына қона алмайтын әуе тасымалдаушылардың қатары жаңартылды. «Қара тізімді» толықтырғандар арасында қазақстандық компаниялар да бар.

«Интерфакс»-тың хабарлауынша, бұл тізімге біздің елден бір ғана әуе компания ілінген жоқ. Ол «Эйр Астана». Оның өзінде бұл әуе компаниясының ұшақтарына Еуропаға тек белгілі бір типтегі әуе кемелерімен ғана ұшуға рұқсат. Жалпы «қара тізімге» 21 елден ұзын саны 310 компания енді. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Индонезия мемлекеттерінің компаниялары бар. Еуропалық комиссияның ресми сайтында жарияланған хабарламада осындай ақпарат келтірілген.

Айта кетейік, Еуропалық комиссия қара тізімді үш ай сайын жаңартып отырады. Аталмыш тізім 2006 жылы құрылған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ