$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Астаналық жолаушыларды Франция автобустары тасымалдайды

AstanaTV
12.12.2014ж. 10:00
Астаналық жолаушыларды Франция автобустары тасымалдайды

Бүгіннен бастап астаналық жолаушыларды Франция автобустары тасымалдайды. Кеше қала әкімдігі алдында осы елден шығатын су жаңа 59 автобус таныстырылды.

Соңғы үлгіде шығарылған қоғамдық көліктер Еуро 5 стандартына сай. Ауаны ластау көрсеткіші өте төмен, газбен жүретін көлікке пара-пар көрінеді. Бейне бақылау камерасы да орнатылған.

Сондай-ақ, автоматты пандустар жұмыс істейді. Жаңа автобустар 9 және 10-шы бағытта жүре бастайды. Жыл соңына дейін Еуропадан тағы 80 автобус келеді деп күтілуде. Барлығы 358 қоғамдық көлік сатып алуға келісім жасалған. Жайлы автобустың бағасы да арзан емес. Әрқайсысы - 270 мың доллар тұрады.

Талғат Ардан, «Астана LRT» ЖШС төрағасы:

Келісім-шарт құны - 107 миллион еуро. Бұл халықаралық желі арқылы алынған несие. Жылына небәрі 2-2,5 пайыз үстеме төлеп қайтарамыз. Автобустарды сатқан Iveco компаниясы еуропалық «Коммерцбанктен» осындай жеңіл несие алуға көмектесті.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА