$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Президент «Арселор Миттал» атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесті

AstanaTV
12.12.2014ж. 20:00
1203
Президент «Арселор Миттал» атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесті

«Қарағанды мен Теміртаудағы кеншілер жұмыссыз қалмауы тиіс. Ал жалақы уақытылы төленбесе, олар Президентке тікелей шағымдана алады». «Арселор Миттал» компаниясының бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесуде Мемлекет басшысы осыны айтты», - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Президент «Арселор Миттал Теміртау» жұмысын бағалап, «тұтас алғанда, көрсеткіштер жақсарып, өсім артты. Металл өндірісін 6 миллион тоннаға дейін арттыру стратегиялық міндет болып қала береді», деді. Лакшми Миттал өз кезегінде соңғы 4 жылда компания қызметі кеңейгеніне, жылына орта есеппен 400 миллионға дейін инвестиция құйылғанына тоқталды. «Домна пештері мен зауыттардағы өндіріс жақсаруда», - деді. Кездесуде Елбасы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігіне айрықша ден қойды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ең басты мәселе - өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік жағдайларының жақсы болуы. Менің теміртаулық металлургтер мен қарағандылық шахтерлерге деген көзқарасым ерекше. Сондықтан жұмыс орындары қысқарғанда және жалақы төленбеген кезде, олар маған тікелей өтініш жасайды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА